Accessibility links

Футболдан Еуропа чемпионаты бірнеше елде өтеді


УЕФА атқару комитетінің бас хатшысы Джанни Инфантино. Украина, тамыз 2010 жыл.
УЕФА атқару комитетінің бас хатшысы Джанни Инфантино. Украина, тамыз 2010 жыл.
Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты бұрынғыдай бір ғана елде емес, бірнеше мемлекетте өтетін болды.

УЕФА-ның чемпионатты Еуропаның бірнеше қаласында өткізу туралы шешімін ұйымның атқару комитетінің бас хатшысы Джанни Инфантино мәлімдеді.

Чемпионатты бірнеше елде өткізу идеясын алғаш болып УЕФА президенті Мишель Платини көтерген еді. Ол "қаржы дағдарысы қысып тұрған шақта чемпионатты бірнеше елде бөліп өткізу шығындарды біршама азайтады" деп есептейді. Бұл уәжге ұйымның вице-президенті, түркиялық Сенес Эрзик қарсы болған еді.

2016 жылғы чемпионат Францияда өтеді. Оған алғаш рет бұрынғыдай 16 команда емес, 24 команда қатысады.
XS
SM
MD
LG