Accessibility links

Өзбекстанды саяси тұтқындарды босатуға шақырды


Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Халықаралық құқық қорғаушы тоғыз ұйым Өзбекстан билігін ел конституциясының 20 жылдығы құрметіне саяси тұтқындарды түрмеден босатуға шақырды.

Арасында Human Rights Watch ұйымы және Журналистерді қорғау комитеті бар ұйымдар таратқан үндеуде "Билік бұл қадамға барса, онда ол Ташкенттің құқықтық реформалар жасауға талпыныс жасағаны болар еді" деп жазылған.

Үндеуде тұтқындар тізімі беріліп, көпшілігінің денсаулықтары нашар екені және түрмеде азапқа ұшырағаны айтылады.

Таяуда ғана Өзбекстан президенті Ислам Каримов констиутция күніне орай сотталғандарға рақымшылық жасау туралы қарар ұсынып, оны парламент мақұлдаған еді. Рақымшылық жасалатындар тізіміне көбінесе жеңіл қылмыс жасап сотталғандар кіреді.

Өзбекстан 8 желтоқсан - Конституция күніне орай жиі рақымшылық жариялап тұрады. Бірақ саяси себеппен сотталғандар рақымшылыққа көп іліне бермейді.
XS
SM
MD
LG