Accessibility links

Әсел Нұрғазиева 12 тәулікке қамалды


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Ақтаудың әкімшілік соты құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваны "ұсақ бұзақылық жасады" және "полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті" деген айыптармен 12 тәулікке қамады. Бұл туралы оның адвокаты Қалдыбай Есіркеповке сілтеме жасаған "Республика" газеті интернеттегі парақшасында хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, 6 желтоқсанда болған сотта Майлыбаева есімді бір әйел Нұрғазиевадан "жәбір көргенін" айтқан. Ал полиция қызметкерлері құқық қорғаушының өздеріне "қарсылық көрсеткенін" айтқан.

Сот шешімін әділетсіз деп санаған адвокат Есіркепов шешімге қарсы шағым түсіретінін айтады.

Әсел Нұрғазиеваны 6 желтоқсан күні күндіз Ақтауда полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Ол осыдан бір жыл бұрынғы Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендердің атынан сотқа шағым дайындап жатқан еді.
XS
SM
MD
LG