Accessibility links

CPJ оппозициялық БАҚ-тың жабылуын айыптады


Committee to Protect Journalists ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Committee to Protect Journalists ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) соттың қазақстандық бірқатар тәуелсіз және оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдарын жабу шешімін айыптады.

Ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде комитет сот шешімі Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесіне мүше болып сайланғаннан санаулы аптадан соң шығарылғанын айтады.

Комитет өкілі Нина Огнянова оппозициялық ақпарат құралдарының жабылуын цензура деп бағалап, Қазақстан билігін азаматтардың тәуелсіз ақпарат алу құқықтарын шектемеу туралы міндеттемелерін орындауға шақырды.

Осы аптада Алматының Бостандық аудандық соты Stan.tv (Стан.тв) интернет сайты мен "Взгляд" газетін жабу туралы шешім шығарған еді. Ал оған дейін "Республика" және "Голос Республики" газеттеріне тыйым салу туралы шешім шыққан. Сот guljan.org веб-сайтын да үш айға уақытша жапқан. Құқық қорғаушылар бұл шараларды Қазақстандағы оппозициялық ақпарат құралдарына жасалып жатқан шабуыл деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG