Accessibility links

Прокурор Челахты өмір бойы түрмеге жабуды сұрады


Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

"Прокурорлар Владислав Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Талдықорғанда өтіп жатқан соттың жарыссөз кезеңінде сөз алған прокурор Александр Кирияк соттан Челахты "кісі өлтірді, өзгенің мүлкін жымқырды, әскери қызметтен қашты" деген айыптар бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған.

Прокурор "мұның сыртында Челах жәбірленуші жақтың барлық талаптарын орындауы тиіс" дейді.
XS
SM
MD
LG