Accessibility links

Кэтрин Эштонды адам құқығы туралы айтпады деп сөкті


Кэтрин Эштон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде. Астана, 30 қараша 2012 жыл.
Кэтрин Эштон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде. Астана, 30 қараша 2012 жыл.
"Азаматтық ынтымақтастық платформасы" Еуропа Одағының (ЕО) жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонды Орталық Азия елдеріне сапарында адам құқықтары мәселесін көтермей кетті деп өкініш білдірді.

Бұл туралы қазақстандық Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы хабарлады.

"Азаматтық ынтымақтастық платформасына" Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 40-тан астам құқық қорғау ұйымдары кіреді.

Платформа "Биыл "әлемде бейбітшілік, демократия мен адам құқықтарының сақталуына қосқан үлесі үшін" ЕО Нобель сыйлығын алса да, Эштон Орталық Азия елдері басшыларымен кездесуінде аймақтағы күрделі адам құқықтары мәселесін сол күйі көтермеді" деді.

Аталған бірлестік ЕО биылғы жаздан бастап адам құқықтарына қатысты саясатын күшейткендіктен Эштонның сапарынан көп нәрсе күтілгенін алға тартады.

ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон 27-30 қараша күндері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға ресми сапармен барған еді.
XS
SM
MD
LG