Accessibility links

Қазақстан-Қытай комитетінің отырысы өтті


Үкімет үйі. Көрнекі сурет.

Үкімет үйі. Көрнекі сурет.

Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің алтыншы отырысы өтті деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов және Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның қатысуымен өткен комитет отырысында тараптар энергетика, геология және жерасты байлықтары, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық мәселелер қаралған.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің құрамына 10 кіші комитеттер және Қазақстан-Қытай трансшекаралық өзендерін қолдану мен қорғау бойынша біріккен комиссиясы кіреді.

Комитеттің отырыстары екі жылда бір рет өткізіледі.
XS
SM
MD
LG