Accessibility links

Бақытжан Момышұлы қайтыс болды


9 желтоқсанда ұзақ, әрі созылмалы науқастан айыға алмаған күйі жазушы Бақытжан Момышұлы қайтыс болды.

Жазушылар одағына сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, жазушының жаназасы 11 желтоқсанда Алматыда шығарылады.

Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлы - 1941 жылы Алматы қаласында туған. Шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып істеген.

"Жанымның жарық жұлдызы", "Когда ты рядом", "Во имя отца", т.б. ондаған кітаптың авторы.

Шығармашылық жолын аудармашы болудан бастаған жазушы бірқатар белгілі қазақ қаламгерлерінің кітаптарын орыс тіліне аударған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG