Accessibility links

Құқық қорғаушының аштық жариялағаны хабарланды


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Жаңаөзенде «қоғамдық орында тәртіп бұзды» деген айыппен 12 тәулікке қамалған құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваның аштық жариялағаны хабарланды.

Бұл жайлы Азаттық тілшісіне «Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тоғжан Қизатова айтты.

Әсел Нұрғазиеваның аштық жариялағаны туралы ақпарды оның анасы Дина Сатыбайқызы да растап отыр. Ол қызы желтоқсанның 8-і күні апарып берген тағамдарын алмағанын айтты.

- Әселдің жағдайы жақсы емес, қолдары кір-кір. Ол тек тіс пастасы мен щеткасын, сабын тәрізді жуынуға қажетті заттардан басқа апарған асымды кері қайтарды. «Алған бетімнен қайтпаймын, бастаған ісімді аяғына жеткіземін» деді қызым, - дейді Дина Сатыбайқызы.

Ал Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі "департаментке Нұрғазиевның аштық жариялағаны туралы ақпарат жоқ" деп, бұл мәліметті растамады.


XS
SM
MD
LG