Accessibility links

Астанада бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды


Ауа-райы температурасын өлшеуіш. (Көрнекі сурет).
Ауа-райы температурасын өлшеуіш. (Көрнекі сурет).
"Астанада аяздан мектептерде бірінші-төртінші сыныптардың оқушылары сабақтан босатылды" деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Қазгидромет" мекемесінің хабарлауынша, қаладағы ауа-райы бүгін -26 градус аязға дейін төмендеген. Алдағы үш күнде де температура төмендейді деген болжам бар.

Қалалық білім басқармасының ережесі бойынша, ауа температурасы -25 градустан төмендесе, бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін, -30 градустан төмен болғанда тоғызыншы сыныпқа дейін, -35 градусқа жеткенде барлық оқушылар сабақтан босатылады.
XS
SM
MD
LG