Accessibility links

Мұсабаев: Байқоңыр Қазақстан қарауына өтеді


"Прогресс М-12М" зымыран тасығышы ғарыш айлағына орналастырылып жатыр. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл.
"Прогресс М-12М" зымыран тасығышы ғарыш айлағына орналастырылып жатыр. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл.
Қазақстан Ресеймен Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу шартын біртіндеп тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деп мәлімдеді дүйсенбіде "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев.

Парламенттегі үкімет сағатында сөйлеген Мұсабаев қазір Ресеймен Байқоңырды біртіндеп Қазақстанның қарамағына беру туралы келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, жалға алу туралы келісім-шартты біртіндеп тоқтату туралы екі ел президенттері келісімге келген.

Бірақ Талғат Мұсабаев Байқоңырдың Қазақстан қарауына қашан өтетінін айтпады. Ол Байқоңыр мәселесімен арнайы үкіметаралық комиссиясы айналысып жатқанын хабарлады.

Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған Ресей Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларын төлейді.
XS
SM
MD
LG