Accessibility links

16 жастағы тибет қызы өз-өзін өртеді


Қытайдың батысында тибеттік 16 жастағы жасөспірім қыз өз-өзін өртеп, қайтыс болды.

Мемлекеттік Синьхуа (Xinhua) агенттігінің хабарлауынша, оқиға жексенбіде Цинхай провинциясында болған. Агенттік қыздың аты-жөнін атамағанымен, оның мектеп оқушысы екенін хабарлады.

Тибеттіктер көп тұратын Цинхайда Қытайдың басқару саясатына қарсылықтар жиі болады.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, 2009 жылдан бері 90 тибеттік өз-өзін өртеген. Ондай оқиға биыл тым көбейген. Лондонда орналасқан "Еркін Тибет" құқық қорғау ұйымы цинхайлық қыздың өз-өзін өртеген ең жас тибеттік екенін айтады.
XS
SM
MD
LG