Accessibility links

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Дүниежүзілік сауда ұйымының директоры Паскаль Лами. Женева, 10 желтоқсан 2012 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен Дүниежүзілік сауда ұйымының директоры Паскаль Лами. Женева, 10 желтоқсан 2012 жыл.
Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке қабылданды. Дүйсенбіде Женевада өткен салтанатты шарада ДСҰ директоры Паскаль Лами және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халықаралық ұйымға кіру хаттамасына қол қойды.

Бұдан бұрын Паскаль Лами "ДСҰ-ға кіру Тәжікстанның әлемдік экономика мен дүниежүзілік сауда жүйесімен интеграцияланып, ашық және шынайы экономикалық орта құруын жеңілдетеді" деген еді.

Тәжікстан ДСҰ-ға кіру туралы 11 жыл бойы келіссөздер жүргізген. Тәжікстан ДСҰ-ның 158-мүшесі және Орталық Азияда ұйымға Қырғызстаннан (1998 жылы қабылданған) кейін қосылған екінші мемлекет болып отыр.
XS
SM
MD
LG