Accessibility links

АҚШ барлау кеңесі Азия экономикасына болжам жасады


АҚШ Ұлттық барлау кеңесінің логотипі. (Көрнекі сурет).
АҚШ Ұлттық барлау кеңесінің логотипі. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Ұлттық барлау кеңесі 2030 жылға қарай Азия елдерінің экономикасы АҚШ, Солтүстік Америка және Еуропа елдерінің экономикаларын басып озады деген болжам жасады.

Дүйсенбіде жариялаған "Ғаламдық тенденциялар - 2030" деген баяндамасында барлау кеңесі Азия елдерінің экономикасы АҚШ-тың супердержава ретіндегі мәртебесіне нұқсан келтіретінін болжайды. "Бірақ АҚШ әлемдік проблемаларды шешу қабілеті, технологиялық артықшылықтары және мәдени ерекшелігі арқасында әлемнің қуатты елдері қатарында қала береді" делінген баяндамада.

Барлау кеңесінің болжамынша, Қытай 2020 жылға қарай экономикалық дамуы жағынан АҚШ-ты басып озады. Ал Еуропа, Жапония және Ресейдің экономикалық дамуы біртіндеп құлдырай береді. Зерттеуде 2030 жылға қарай исламшылдар жасайтын террорлық әрекеттер азаятыны айтылған.
XS
SM
MD
LG