Accessibility links

Астанада оқушылардың көбі сабақтан босатылды


Қатты аязда бет-аузын бүркеп алған қыз. (Көрнекі сурет).
Қатты аязда бет-аузын бүркеп алған қыз. (Көрнекі сурет).
Астанада ауа температурасы -30 градустан төмендеп, мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қалалық білім басқармасының ережесі бойынша, ауа температурасы -25 градустан төмендесе, бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін, -30 градустан төмен болғанда тоғызыншы сыныпқа дейін, -35 градусқа жеткенде барлық оқушылар сабақтан босатылады.

1-4 сынып оқушылары сабақтан дүйсенбіде босатылған еді.
XS
SM
MD
LG