Accessibility links

Ресей "Магнитский актісіне" қарсы заң дайындады


Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. Мәскеу, 16 қараша 2006 жыл.

Ресейлік заңгер Сергей Магнитский. Мәскеу, 16 қараша 2006 жыл.

Ресей мемлекеттік думасына "ресейліктердің құқықтарын бұзған" АҚШ азаматтарына қарсы санкция енгізуге бағытталған заң жобасы түсті.

Заң жобасында АҚШ азаматтарының Ресейге келуіне шектеу қойып, олардың осы елдегі активтерін құрсаулау қарастырылған. Жобаны тыңдау алдағы аптада өтеді.

6 желтоқсанда АҚШ сенаты "Магнитский актісін" қабылдаған еді. Ол акт бойынша, "адам құқықтарын бұзды" деп айыпталған ресейлік шенеуніктерге виза беруге тыйым салынып, олардың АҚШ-тағы активтері құрсауланады. Актіге таяуда президент Барак Обама қол қоюы тиіс.

Акт Ресейдегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін зерттеумен айналысып, 2009 жылы тергеу изоляторында қаза тапқан ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің атымен аталған. Құқық қорғаушылар Ресей билігін "заңгердің қазасына кінәлілерді әлі жауапқа тартпай отыр" деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG