Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының бейнесі

2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.

XS
SM
MD
LG