Accessibility links

Солтүстік Корея зымыран ұшырды


Солтүстік Кореяның ұшыруға дайындаған Унха-3 зымыраны. 8 сәуір 2012 жыл.

Солтүстік Кореяның ұшыруға дайындаған Унха-3 зымыраны. 8 сәуір 2012 жыл.

Солтүстік Корея зымыран ұшырып, ғарыш аппаратын жер орбитасына сәтті орналастырғанын жария етті. Бұған дейін Жапония зымыранның Окинава маңынан ұшып өткенін хабарлаған. Зымыран сәрсенбіге қараған түні елдің батыс жағалауынан ұшырылды.

Жапония үкіметі Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанына "төзуге болмайды" дегенмен, оны атып түсірмеді. Оңтүстік Корея шұғыл түрде қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді.

БҰҰ Солтүстік Кореяға зымыран ұшыруға санкция салған еді. Солтүстік Корея 2012 жылы сәуір айында да зымыран ұшырған. Бірақ ол сәтсіздікке ұшырап, теңізге құлады.
XS
SM
MD
LG