Accessibility links

АҚШ Сирия оппозициялық коалициясын мойындады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 3 желтоқсан 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 3 желтоқсан 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйдің Сирия оппозициялық және революциялық күштерінің коалициясын "Сирия халқының заңды өкілі" деп мойындайтынын мәлімдеді.

ABC News телеарнасына берген сұхбатында Обама "коалиция құрамына сириялықтардың мүддесін қорғайтын топтардың түгелге дерлік қосылған, сондықтан оны халықаралық қауымдастықтың да мойындауы қажет" деді.

Барак Обама "АҚШ оппозициялық коалициядан батыл, жауапты қадамдар күтетінін" айтты. "Коалиция сириялық әйелдер мен шағын топтар құқықтарын қорғауға дайын болуы керек" деді ол.

Бұған дейін оппозициялық коалицияны бірқатар араб елдері мен Франция мойындаған еді.

12 желтоқсанда Мароккода АҚШ және бірнеше мемлекет өкілдері Сирия оппозициясына көрсетілетін көмекті көбейту жолдарын талқылайды.
XS
SM
MD
LG