Accessibility links

Лукашенко Бакиевтің зейнетақысын аударуды сұрады


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 27 қараша 2012 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 27 қараша 2012 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстан үкіметіне 2010 жылы көктемде елден қашып кеткен экс-президент Құрманбек Бакиевтің зейнетақысын өзіне аударуды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

"Әрине, ол аштан өлейін деп жатқан жоқ. Бірақ зейнетақы тағайындалды ма - оны аудару керек" деген Лукашенко ТМД, Балтық бойы елдері мен Грузияның бас редакторлар клубы мүшелерімен кездесуінде.

Кездесу кезінде Лукашенко қырғыз журналистеріне Бакиевпен "бұған дейін дос болмағанын, бірақ ол балаларын алдырып алуға көмек сұраған соң қол ұшын беруге бел байлағанын" айтты.

2010 жылы сәуірде болған халық толқуларынан соң Құрманбек Бакиев Беларуське кетіп қалған еді. Қырғызстан үкіметі Беларусьтен Бакиевті қайтаруды бірнеше рет сұрағанымен, Минск одан бас тартып келеді.
XS
SM
MD
LG