Accessibility links

АҚШ орбитаға ғарыш аппаратын шығарды


X-37B ғарыш аппаратын тиеген Atlas 5 зымыранының ұшырылу сәті. Флорида, 11 желтоқсан 2012 жыл.
X-37B ғарыш аппаратын тиеген Atlas 5 зымыранының ұшырылу сәті. Флорида, 11 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ әскери әуе күштері жер орбитасына ұшқышсыз басқарылатын және бірнеше рет пайдалануға жарайтын ғарыш кемесін шығарды. Ғарыш аппаратының қандай мақсатпен ұшырылғаны - құпия.

11 желтоқсанда Флорида штатының Канаверал мүйісінен ұшырылған Atlas 5 зымыраны X-37B деп аталатын шағын ғарыш кемесін орбитаға шығарды. Бірақ АҚШ әскерилері ғарыш кемесінің орбитада қанша уақыт болатынын және қандай тапсырмаларды орындайтынын айтпады.

X-37B кемесі осымен үшінші рет ұшырылып отыр. Жерден басқарылатын аппарат 2010 жылы алғаш рет ұшырылғанда орбитада жеті ай, екінші рет ұшырылғанда бір жылдан астам уақыт болды.
XS
SM
MD
LG