Accessibility links

«К-плюс» телеарнасына тыйым салғаны хабарланды


«К-плюс» телеарнасының Youtube-тен алынған скриншоты.

«К-плюс» телеарнасының Youtube-тен алынған скриншоты.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымының хабарлауынша, Алматы қаласы Бостандық ауданы соты оппозициялық «К-плюс» телеарнасының Қазақстан аумағында хабар таратуына тыйым салған.

Судья Жұмахан Омаров төрағалық еткен соттың ол үкімі 6 желтоқсанда жауапкер тараптың қатысуынсыз шыққан.

Сот «Халықаралық ақпарат құралдары - «К-плюс» телекомпаниясы ААҚ, оны қайталайтын Кplus-tv.net және Кplus-tv.kaz.net интернет-ресурстары, оған қоса «К-плюс» өнімдерін жариялайтын құралдар өнімі заңсыз» деп танып, олардың тоқтатылуын талап етті.

21 қарашада Алматы қаласы прокуратурасы сотқа "Алға" партиясы мен "Халық майданы" ұйымын, "К-плюс" телеарнасы, "Взгляд", "Голос республики" газеттері мен "Голос республики", "Стан-ТВ" интернет-порталдарының ресурстарын жабу туралы талап арыз түсіргені хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG