Accessibility links

Қазақстан Солтүстік Корея зымыранына "өкініш білдірді"


Kwangmyongsong-3 ғарыш аппаратын тиеген Unha-3 зымыранының ұшырылу сәті. Солтүстік Пхеньян провинциясы, 12 желтоқсан 2012 жыл.
Kwangmyongsong-3 ғарыш аппаратын тиеген Unha-3 зымыранының ұшырылу сәті. Солтүстік Пхеньян провинциясы, 12 желтоқсан 2012 жыл.
"Қазақстан Солтүстік Кореяның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзып, баллистикалық зымыран ұшырғанына өкініш білдіреді" деген мәлімдеме таратты елдің сыртқы істер министрлігі.

"Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және әлемдік қарусыздану процесіне елеулі үлес қосқан ел ретінде мұндай зымырандар ұшырудан бас тартуға шақырады" делінген мәлімдемеде.

Солтүстік Корея 12 желтоқсанда Unha-3 деп аталатын баллистикалық зымыран ұшырып, жер орбитасына Kwangmyongsong-3 ғарыш кемесін шығарғанын хабарлаған еді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де Пхеньянды зымыран ұшырғаны үшін айыптады.
XS
SM
MD
LG