Accessibility links

Назарбаев мемлекеттік наградаларды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 қазан 2012 жыл.

Бейсенбіде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясат, мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, құқық қорғау органдары мен әскери салада қызмет етіп жүрген бірнеше адамға тәуелсіздік күні мерекесіне орай мемлекеттік наградалар, орден-медальдар тапсырды.

Ондаған адам "Отан", "Парасат", "Құрмет", "Достық", "Айбын", "Даңқ" ордендерімен марапатталып, 79 адам "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды, 275 адамға құрмет грамоталары тапсырылды.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, президент Назарбаев марапаттау салтанатында "14 желтоқсан - жұма күні Астанадағы жаңа салынған опера және балет театрында келесі жылға арнаған жолдауын оқитынын" айтқан.
XS
SM
MD
LG