Accessibility links

Алматыда Жаңаөзен оқиғасына арналған жиын өтіп жатыр


Бейсенбіде Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінде "Жаңаөзен: оқиғаға бір жылдан кейінгі баға беру" деп аталған дөңгелек үстел басталды.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шараны ұйымдастырған "Аман-саулық" қоғамдық қоры өткен жылы 16-17 желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғаларының себептері мен салдарын талқылауды мақсат тұтқандарын айтады.

Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, парламент мәжілісінің депутаттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Жаңаөзен оқиғасына арналған "Обратный отсчет" фильмі көрсетілді.
XS
SM
MD
LG