Accessibility links

Пәкістан ауғандықтардың босқын мәртебесін ұзартты


Ауғанстандық босқын әйелдер мен олардың балалары босқындарды тіркеу орталығында кезекте тұр. Пешавар, 19 маусым 2012 жыл.
Ауғанстандық босқын әйелдер мен олардың балалары босқындарды тіркеу орталығында кезекте тұр. Пешавар, 19 маусым 2012 жыл.
Пәкістан үкіметі елдегі ауған босқындарының босқын мәртебесін тағы алты айға ұзартты. Үкіметтің дерегіне қарағанда, елде тіркелген 1 миллион 600 мың, тіркелмеген 1 миллион босқын тұрып жатыр. Босқындарға елде тұруға берілген соңғы рұқсат 30 желтоқсанда аяқталады.

Сарапшылар Пәкістандағы ауған босқындарының көпшілігі зорлық-зомбылық пен экономикалық жағдайдың қиындығынан елдеріне қайтқысы келмейтінін айтады.

Босқын мәртебесі бар ауғандықтар мұнда банктен есеп-шот ашып, балаларын мектепке бере алады. Пәкістан үкіметі оларды елдеріне күштеп қайтармайтынын айтады.
XS
SM
MD
LG