Accessibility links

Сирияда 3 елдің елшіліктеріне доқ көрсетілді


Украиналық журналист Анхар Кочнева.

Украиналық журналист Анхар Кочнева.

Сирияда украиналық журналист Анхар Кочневаны ұрлаған адамдар Украина, Ресей және Иранның осы елдегі елшіліктеріне шабуыл жасайтындарын мәлімдеп, интернет арқылы доқ көрсетті. Олар Сириядағы аталған елдердің азаматтары да қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Журналист Анхар Кочневаны қазан айында өздерін "Сирия ерікті армиясы" деп атайтын, президент Башар Асад үкіметіне қарсы күресіп жүрген топ ұрлап әкеткен еді.

Қараша айында интернетте жарияланған видеоматериалда журналист өзін "Ресейдің құпия тыңшысымын" деп атап, топтың талабын орындауды сұраған. Журналистің мәлімдемені өз еркімен жасағаны, я топ мүшелерінің мәжбүрлегені әзірге белгісіз.

Кейін ұрлап әкеткен адамдар журналисті босату үшін 50 миллион АҚШ долларын талап еткен. Украина сыртқы істер министрлігі 12 желтоқсанда Сирия үкіметінен журналисті босатуға көмектесуді сұрады.
XS
SM
MD
LG