Accessibility links

Каспий маңы елдері теңіз экологиясын қорғамақ


Каспий теңізінің жағалауы. (Көрнекі сурет).

Каспий теңізінің жағалауы. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Каспий теңізі маңында орналасқан бес мемлекет теңіздің экологиялық жағдайын қорғау жөнінде келісімге келгенін "өте маңызды қадам" деп бағалады.

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы департаментінің хабарлауынша, "Әзербайжан, Иран, Ресей, Қазақстан және Түркіменстан Тегеран конвенциясы деп аталатын Каспий теңізі бассейнінің экологиясын қорғау жөніндегі хаттамаға қол қойған". Құжатта "теңіз экологиясына негізгі қауіп ауыл шаруашылығы мен шикізат өндіру саласынан төнетіні" айтылған.

Бес мемлекет министрлері 10-12 желтоқсанда Мәскеудегі кездесулерінде қосымша хаттамаларға қол қойған.
XS
SM
MD
LG