Accessibility links

Қырғызстан Ресей базалары туралы келісімді бекітті


Ресейдің Қант базасында тұрған әскери әуе күштерінің ұшағы. Қырғызстан, 12 тамыз 2012 жыл.

Ресейдің Қант базасында тұрған әскери әуе күштерінің ұшағы. Қырғызстан, 12 тамыз 2012 жыл.

Қырғызстан парламенті елдегі Ресей әскери базаларын тағы 15 жылға қалдыру туралы екі ел арасында жасалған жаңа келісімді ратификациялады. Құжатқа сәйкес, елдегі бірнеше әскери базаларды пайдаланғаны үшін Ресей Қырғызстанға жылына 4,5 миллион АҚШ долларын төлейді.

Ресей жалға алған әскери базалар қатарында Ыстықкөл жағалауында орналасқан торпедаларды сынайтын полигон, "Майлы-Су" радио-сейсмологиялық лабораториясы да бар. Келісім бойынша, қажет болған жағдайда жалға алу мерзімі тағы бес жылға ұзаруы мүмкін.

Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Қант әскери әуе күштерінің базасы - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының негізгі нысандарының бірі. Қырғызстан осы ұйымға мүше болғандықтан, Ресей бұл базаны пайдалану ақысын төлемейтін болды.

Жаңа келісім 2017 жылы қаңтарда (қазіргі келісім мерзімі аяқталған соң) күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG