Accessibility links

Алматыда Жаңаөзен құрбандарына ас берілді


"Жаңаөзен" газетінің 21 қаңтар 2012 жылғы саны. Азаттық тілшісі Сәния Тойкен түсірген сурет.

"Жаңаөзен" газетінің 21 қаңтар 2012 жылғы саны. Азаттық тілшісі Сәния Тойкен түсірген сурет.

Бүгін Алматыда былтыр желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе елдімекенінде болған оқиғаларда құрбан болғандардың рухына арнап құран оқылып, ас берілді. Бұл туралы шара өтіп жатқан жерден Азаттық тілшісі хабарлады.

«Ұлы дала» қозғалысы мұрындық болған бүгінгі асқа кейбір жазушылар, саясаткерлер, бірқатар қазақ ұлттық қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Былтыр желтоқсанның 16-17 күндері Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе елдімекенінде болған оқиғалар салдарынан 17 адам (ресми есеп) қаза тауып, жүзден аса адам жараланған еді. Жаңаөзен оқиғасына қатысты жауапқа тартылған 37 мұнайшы биыл жазда сотталды. Сот олардың үшеуін толық ақтап, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 адам шартты жазаға кесілсе, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG