Accessibility links

Бақытжан Төреғожина 15 тәулікке қамалды


Бақытжан Төреғожина "Жаңаөзен сотына" қатысты куәгер болған марқұм Александр Боженконың өліміне қатысты наразалық шарасын өткізіп тұр. АҚШ, Вашингтон, 17 тамыз 2012 жыл. Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынды.

Бақытжан Төреғожина "Жаңаөзен сотына" қатысты куәгер болған марқұм Александр Боженконың өліміне қатысты наразалық шарасын өткізіп тұр. АҚШ, Вашингтон, 17 тамыз 2012 жыл. Сурет Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook парақшасынан алынды.

Бүгін Алматыда қоғамдық белсенді "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаның 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа қоғамдық белсендінің жақтасы Жанар Балғабаева хабарлады.

Оның айтуынша, сенбі күні таңертең Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына арнап Алматыда берілетін асқа баруға үйінен шыққан Төреғожинаны полиция ұстап, Смағұлов деген адамның Төреғожинаның үстінен берген арызы негізінде әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырып, сотқа апарған. Арызда "Төреғожина жұртты заңсыз митингке шақырып парақшалар таратқаны" жазылыпты.

- Сотта Бақытжан желтоқсанның 16 күні Алматыдағы тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоғын қоюға баратыны туралы қала әкімдігінен алдын ала рұқсат сұрап өтініш бергенін, ал әкімдіктен "гүл қою заңға қайшы емес" деген жауап алғанын айтты. Бірақ сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды, арыз иесінің өзі сотқа қатысқан жоқ - деді Жанар Балғабаева Азаттық тілшісіне.

Ол қазір Бақытжан Төреғожинаның Алматыдағы әкімшілік жазаны өтейтін мекемеге жеткізілгенін айтты.
XS
SM
MD
LG