Accessibility links

Египет жаңа конституцияның жобасына дауыс беріп жатыр


Конституция жобасына қатысты референдумде дауыс беріп жатқан Египет азаматы. Александрия, 15 желтоқсан 2012 ж.

Конституция жобасына қатысты референдумде дауыс беріп жатқан Египет азаматы. Александрия, 15 желтоқсан 2012 ж.

Бүгін Египтте жаңа конституцияның жобасына арналған референдум өтіп жатыр. Египет президенті Мұхаммед Мурси мен оны қолдайтын «Мұсылман бауырлар» қозғалысы бұл құжат елдегі демократиялық өзгерістерге негіз болады деп мәлімдеді.

Мурсидің бақталастары - христиан және либералдық оппозиция өкілдері болса исламшыл топ әзірлеген конституция жобасын сынап жатыр. Олардың пікірінше, бұл құжат әйелдер мен діни азшылықтың құқықтарын, азаматтардың негізгі бостандықтарын қамтамасыз етпейді.

Жұма күні Александрияда Мурсидің жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Ел астанасы Каирде президенттің жақтастары мен оппозиция шерулер өткізді.
XS
SM
MD
LG