Accessibility links

Мәскеуде шеруге келген бірнеше адам ұсталды


Лубянка алаңындағы наразылық акциясы. Мәскеу, 15 желтоқсан 2012 ж.

Лубянка алаңындағы наразылық акциясы. Мәскеу, 15 желтоқсан 2012 ж.

Бүгін Ресей астанасында оппозициялық күштердің ұйымдастыруымен наразылық акциясына шыққандар полицияның тосқауылына кезікті.

Мәскеудегі Лубянка алаңы маңына жүздеген адам жиналды. Әлеуметтік желілерде блогерлер алаңдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке гүл қоюға келгендерді сәлден соң полиция ескерткіш жаққа жібермей қойғанын жазды. Сонымен бірге осы жерге келген белсенділер Сергей Удальцов, Илья Яшин, Алексей Навальный, тележүргізуші Ксения Собчакты полицияның ұстап әкеткені хабарланды.

Полиция дыбыс күшейткіш құрал арқылы жұртты тарауға шақырды. Алаңнан тікелей ақпарат таратқан баспасөз құралдарының өкілдері әуеде тікұшақ айналып ұшып жүргенін хабарлады. Жергілікіті билік орындары бүгінгі жиынға рұқсат берілмегенін ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG