Accessibility links

Пәкістанда 12 адам жарылыстан көз жұмды


Полицейлер жарылыс болған маңды тексеріп жүр. Пәкістан, 12 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицейлер жарылыс болған маңды тексеріп жүр. Пәкістан, 12 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында Жамруд қаласындағы базарда кем дегенде 12 адам (араларында әйелдер мен балалар да бар) жарылыстан қаза тапты, 20 шақты адам жараланды. Билік орындары қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Дерекке қарағанда, автобус аялдамасы маңында тұрған көлік жарылған. Бұл жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG