Accessibility links

Иракта 11 адам жарылыстан қаза тапты


Жарылған көлік. Ирак. (Көрнекі сурет)
Жарылған көлік. Ирак. (Көрнекі сурет)
Ирактың солтүстігінде бірнеше жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты.

Киркук провинциясындағы Туз Хурмато қаласының шииттер тұратын ауданында екі рет бомба жарылып, төрт адам мерт болды, 24 адам жараланды. Ал Мосул маңында көлік жарылысынан жеті адам қаза тапты.

Бұл жарылыстардың жауапкершілігін ешкім мойындаған жоқ.

Иракта кеше де атыс пен жарылыстан 18 адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG