Accessibility links

Боксшы Қанат Ислам Fedecaribe титулын алды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (ортада). Сурет www.nelsonspromotion.com сайтынан алынды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (ортада). Сурет www.nelsonspromotion.com сайтынан алынды.
АҚШ-қа кеткен қазақ боксшысы Қанат Ислам желтоқсанның 16-сы күні Доминиканның Ла Романа қаласында кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Азаттық радиосына боксшының проумоутері Нельсон Мендес хабарлады.

Қанат Ислам бұл жолы 33 жастағы эквадорлық Умберто Толедоны жеңген соң WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedeсaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулын алды.

Бұл атақ осыған дейін Эквадор боксшысы Толедоға тиесілі еді. Ереже бойынша, ол Қанат Исламнан жеңілгеннен кейін бұл атақтан айырылды.

Қанат Ислам бұған дейін жеті кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіске жеткен.

Боксшының проумоутері Нельсон Мендес Азаттық тілшісіне берген сұхбатында:

– Қанат Исламның биылға жоспарланған кездесулері бітті. Енді ол біраз демалады. Келесі кездесуін ақпан айының соңына жоспарлап отырмыз, – деді.
XS
SM
MD
LG