Accessibility links

Ақ үй өкілі: Қаруға тыйым - күрделі мәселе


Сэнди Хук мектебінде қайтыс болған балаларды еске алу шарасы. АҚШ, Коннектикут шататы, 16 желтоқсан 2012 жыл.
Сэнди Хук мектебінде қайтыс болған балаларды еске алу шарасы. АҚШ, Коннектикут шататы, 16 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джей Карни қару қолдануға байланысты зорлықты тыю "тек тыйым мен қатаң заңға ғана байланысты емес, күрделі мәселе" екенін айтты.

Сэнди Хук мектебінде оққа ұшқан 26 адамның (оның 20-сы - бала) қазасына орай жексенбіде ұйымдастырылған қаралы жиында сөйлеген АҚШ президенті Барак Обама мұндай жаппай қырғынды азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берген.

Обаманың Демократиялық партиядағы серіктері және қырғын болған Коннектикут штатының губернаторы қаруға байланысты заңды қатаңдатуды сұрады.
XS
SM
MD
LG