Accessibility links

Брюссельде Гавелдің құрметіне "жүрек" жанды


Еуропарламент ғимаратының қабарғасындағы "жүрек". Брюссель, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Еуропарламент ғимаратының қабарғасындағы "жүрек". Брюссель, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Вацлав Гавелдің қайтыс болғанына бір жыл толуына байланысты Брюссельдегі Еуропарламент ғимаратының қабырғасында үлкен неон "жүрек" жанды. Бұл символ алғаш 2002 жылы, чех саясаткері екінші рет президент міндетін атқарып болған соң Прагада жанған еді.

Гавел құжатқа қолын қойған соң кішкентай "жүрек" белгісін салатын.

Жазушы-диссидент, Чехословакияда коммунистік билікті құлату жолында маңызды роль атқарған саясаткер Вацлав Гавел 2011 жылы 18 желтоқсанда 75 жасында қайтыс болды.

Брюссельдегі "жүрек" қаңтар айының соңына шейін жанып тұрады.
XS
SM
MD
LG