Accessibility links

АҚШ-та қаруға қатысты мәлімдеме жасалды


Сэнди Хук мектебінде қаза тапқандарды еске алуға қойылған гүлдер. Ньютаун, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Сэнди Хук мектебінде қаза тапқандарды еске алуға қойылған гүлдер. Ньютаун, 17 желтоқсан 2012 жыл.

АҚШ-тың азаматтардың қару қолдану құқықтарын қорғайтын ең ірі ұйымы - Ұлттық қару-жарақ ассоциациясы "қару қолданып, адамдарды жаппай қыру оқиғаларына жол бермеуге ықпал ететінін" мәлімдеді. Ассоциация Ньютаундағы мектепте болған қырғыннан кейін мұндай мәлімдемені алғаш рет жасап отыр.

Өткен аптада Ньютаундағы Сэнди Хук мектебінде атыс кезінде 27 адам қаза тапқан еді. Оның 20-сы - балалар.

Ұлттық қару-жарақ ассоциациясы - АҚШ-тағы ең ірі, саяси ықпалы күшті ұйым. Бірақ ассоциация қару қолданып, адам қырудың алдын алу үшін нақты қандай шаралар жасайтынын ашып айтпаған.

Коннектикуттағы 27 адамның өлімі - соңғы жылдарда АҚШ-та болған ең үлкен қырғын. Бірқатар саясаткерлер қару-жарақ иелену шарттарын қатаңдатып, еркін сатылатын қару түрлерін шектеуге шақыра бастады. Мектепте болған атыста қылмыскер заңды жолмен иеленген қаруды қолданған.
XS
SM
MD
LG