Accessibility links

"Голос республики" кеңсесін тінтіп жатқаны хабарланды


Оппозициялық "Голос республики" және "Взгляд" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.

Оппозициялық "Голос республики" және "Взгляд" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.

Сәрсенбіде Алматыдағы "Голос республики" порталының кеңсесінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері тінту жүргізе бастады деп хабарлады басылымның бас редакторы Татьяна Трубачева Азаттық тілшісіне. Оның айтуынша, ҰҚК қызметкерлері тінту жүргізу туралы қаулы көрсетіп, басылымның заңгері мен "куәгерді" алып, редакцияны тінтуге кіріп кеткен.

Басылымның интернеттегі парақшасында таратқан ақпаратына қарағанда, бүгін Алматыда "Стан ТВ" телеарнасының кеңсесінде де ҰҚК тінту жүргізіп жатыр.

Ал азаматтық белсенді Андрей Цуканов ҰҚК қызметкерлері бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының Алматы қаласындағы кеңсесінде де тінту жүргізе бастағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG