Accessibility links

RWB: 2012 жылы 88 журналист қаза тапты


"Шекарасыз тілшілер" (Reporters without borders) ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters without borders) ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters without borders) ұйымы сәрсенбіде жыл сайынғы есебін жариялап, "2012 жыл бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда журналистер ең көп қаза тапқан жыл болды" деп мәлімдеді.

Ұйымның дерегіне қарағанда, 2012 жылы кәсіби қызметіне байланысты қаза тапқан журналистер саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 88-ге жеткен. Бұл - 1995 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Журналистер ең көп қаза табатын аймақ - Таяу Шығыс (26 журналист) пен Солтүстік Африка елдері, Азия (24 тілші) мен Сахараның оңтүстік аймақтарындағы елдер (21 журналист). Батыс елдерінде қаза тапқан журналистер саны керісінше азайған.

Баяндамада биыл 879 журналист тұтқындалып, 38 журналисті ұрлап әкеткені де айтылады. Мұның сыртында 2012 жылдың желтоқсанындағы дерек бойынша қазір әлем елдерінде 193 журналист түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG