Accessibility links

Әсел Нұрғазиева қамаудан босап шықты


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Ақтауда 12 тәулікке қамалған құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева абақтыдан босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа телефон арқылы Нұрғазиеваның өзі хабарлады. Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендердің құқықтарын қорғаумен айналысып жүрген оны 6 желтоқсанда "ұсақ бұзақылық жасады" және "полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті" деген айыптармен 12 тәулікке қамаған еді. Нұрғазиева бұдан соң аштық жариялаған.

"18 желтоқсанда босап шықтым. Аштықты тоқтаттым" деді Әсел Нұрғазиева.

Ол Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендердің атынан сотқа шағым дайындап жатқан еді.
XS
SM
MD
LG