Accessibility links

Әйел адам Оңтүстік Кореяның президенті болды


Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Пак Кын Хе. Сеул, 19 желтоқсан 2012 жыл.

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Пак Кын Хе. Сеул, 19 желтоқсан 2012 жыл.

Оңтүстік Кореяның тарихында тұңғыш рет әйел адам - биліктегі "Сэнури" партиясының кандидаты Пак Кын Хе ел президенті болып сайланды.

Сайлаушылардың 85 пайызының дауысын санаған сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, Пак 51,6 пайыз дауыс жинаған. Оның басты қарсыласы, біріккен демократиялық партияның өкілі Мун Чже Ин 48 пайыз дауыс алды.

Елдегі президент сайлауына халықтың 75,8 пайызы қатысты.

Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Ли Мен Бак елді 2013 жылдың ақпанына дейін басқарады.
XS
SM
MD
LG