Accessibility links

Time Обаманы «Жыл адамы» ретінде атады


Time журналының мұқабасы.
Time журналының мұқабасы.
Америкалық Time журналы «Жыл адамы – 2012» атағына лайық адам ретінде АҚШ президенті Барак Обаманы атады.

Бұл атақтан үміткерлер қатарында пәкістандық блогер қыз, талибтер оғынан жараланған Малала Юсуфзай, Египет президенті Мохаммед Мурси, АҚШ саясаткерлері Билл және Хиллари Клинтон, Yahoo компаниясының басшысы Марисса Майер, Apple компаниясының президенті Тим Кук те болған.

Барак Обама бұл атаққа 2008 жылы, алғашқы президенттік мандатын алған кезде бір рет ие болған еді.
XS
SM
MD
LG