Accessibility links

Мемлекеттік департамент қызметкерлері отставкаға кетті


АҚШ-тың Ливиядағы бұрынғы елшісі Кристофер Стивенс. Триполи, 28 маусым 2012 жыл.
АҚШ-тың Ливиядағы бұрынғы елшісі Кристофер Стивенс. Триполи, 28 маусым 2012 жыл.
АҚШ мемлекеттік департаменті Бенгазидегі (Ливия) АҚШ елшілігіне жасалған шабуылды тергеген тәуелсіз комиссияның есебінен соң "мемлекеттік департаменттің дипломатиялық қауіпсіздік қызметінің басшысы мен үш қызметкері отставкаға кеткенін" хабарлады.

Бұған дейін CN, CBS телеарналары мен Associated Press агенттігі аты-жөнін атамаған дереккөздеріне сүйеніп, "дипломатиялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Эрик Босвэлл мен халықаралық бағдарламалар департаментінің басшысы Шарлин Ламның қызметінен кеткенін" хабарлаған еді. Қызметтен кеткен үшінші адамның аты-жөні әзірге айтылмады.

Бенгазидегі шабуылды тексерген комиссия осы аптада тексеру қорытындысын жариялаған. Комиссия сарапшылары "Ливиядағы дипломатиялық миссияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кемшіліктер болған" деген тұжырым жасады.

Биыл 11 қыркүйекте Ливияның Бенгази қаласындағы АҚШ елшілігіне белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, АҚШ-тың осы елдегі елшісі Кристофер Стивенс пен америкалық үш азамат қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG