Accessibility links

Пәкістанда қақтығыста Орталық Азия азаматтары қаза тапты


"Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының мүшелері. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).
"Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының мүшелері. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).
Пәкістан үкіметі "Пешавар әуежайына шабуыл жасаған 10 террористің арасында Орталық Азия елдері мен Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан азаматтар бар екенін" хабарлады.

Өткен жексенбіде Пешавар әуежайына қарулы топ шабуыл жасап, оларды қолға түсіру операциясы өткен еді.

"10 адамның төртеуі - шешен, біреуі - қырғыз, біреуі өзбек ұлтының өкілі екен. Қалғаны - пәкістандықтар" дейді Пәкістан үкіметі.

Орталық Азия елдерінен шыққан экстремистер Пәкістанда 2001 жылдан бері әрекет етеді. Олар - негізінен "Өзбекстан ислам қозғалысы" мен "Ислам жиһады" ұйымдарының мүшелері.
XS
SM
MD
LG