Accessibility links

"Мемлекеттік шекара туралы" заң қабылданды


Қорғас бекеті маңындағы шекаралық өткізу пункті. Қазақстан-Қытай шекарасы, 13 мамыр 2003 жыл.

Қорғас бекеті маңындағы шекаралық өткізу пункті. Қазақстан-Қытай шекарасы, 13 мамыр 2003 жыл.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Қазақстан парламент сенаты бейсенбіде "Мемлекеттік шекара туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында мемлекеттік шекара туралы заңнамаларды жетілдіру, шекараны қорғау, шекараға қатысы бар мемлекеттік органдардың құзіреті мен міндеттерін нақтылау қарастырылған. Құжатта "шекара қауіпсіздігі", "шекарадағы оқыс оқиға", "мемлекеттік шекараны категориялау" сияқты ұғымдарға түсініктер берілген.

Осы құжат арқылы "Мемлекеттік шекара туралы" заң мен "Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі туралы" заң бір заңға біріктірілетін болды.

Заң енді президент Назарбаевтың қол қоюына жіберіледі.
XS
SM
MD
LG