Accessibility links

Алматыда 154 автобус жолға шықпай қалды


Қалалық автобус көліктері. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.
Қалалық автобус көліктері. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.
"Алматыда бейсенбіде қатты аяздан қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын 150-ден астам автобус жүрмей қалды" деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар транспорты басқармасының транспорт бөлімі басшысы Шамжан Махаматовтың айтуынша, бүгін қаладағы 981 маршруттың 154-і жүрмей қалған. Оның сөзіне қарағанда, жүрмей қалған автобустардың көпшілігі - дизельмен жүретін көліктер.

"№58, 25, 95, 63, 4, 118, 42, ,98, 133 маршруттар бойынша жүретін автобустар мен №12, 7 маршрут троллейбустарының кейбірі жұмысқа шықпай қалды" дейді Махаматов.
XS
SM
MD
LG