Accessibility links

Путин журналистер сұрақтарына жауап берді


Владимир Путин журналистер сұрақтарына жауап беріп жатыр. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.
Владимир Путин журналистер сұрақтарына жауап беріп жатыр. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.
"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин өткізген баспасөз конференциясына мыңға тарта ресейлік, 200-ге жуық шетелдік журналист қатысқан. Конференция Мәскеудің Краснопресненск жағалауындағы халықаралық сауда орталығында өтті.

Конференцияда Путинге елдің ішкі жағдайы, халықаралық саясат, экономикалық мәселелер мен денсаулығына қатысты сұрақтар қойылды.

Путин ресейлік балаларды шетелдіктердің асырап алуына тыйым салу, Грузия мен Ресейдің қарым-қатынасын жақсартуға қатысты да жауап берді. "Мемлекеттік дума ұсынған заң жобасы - америкалық бала асырап алушы ата-аналардың әрекетіне емес, АҚШ билігінің әрекетіне реакция" деді ол.

Сәрсенбіде мемлекеттік дума америкалық ата-аналардың ресейлік балаларды асырап алуына тыйым салатын заң жобасын мақұлдаған еді.
XS
SM
MD
LG