Accessibility links

Сот "Взгляд" газетін экстремистік деп таныды


Оппозициялық "Взгляд" және "Голос Республики" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.
Оппозициялық "Взгляд" және "Голос Республики" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. Сурет forbes.kz сайтынан алынды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бейсенбіде Алматының Бостандық аудандық соты судьясы Татьяна Черныш оппозициялық «Взгляд» газетін «экстремистік» деп танып, оның қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарды.

Сотта «Взгляд» газетінің мүддесін қорғаған адвокат Геннадий Намның айтуынша, "басылымды қудалаудың саяси астары бар".

Қарашаның 21-і күні Алматы қаласы прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тануды, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салуды талап еткен еді. Кейін Бостандық аудандық соты газеттің басылуына тыйым салды. Бұдан соң «Взгляд» журналистері 99 дана тиражбен «Не взгляд» деген атаумен газет шығарғанымен, полиция оны тәркілеп әкетті.
XS
SM
MD
LG